Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар

16.03.2023

Наурыз – ежелгі салт бойынша Жаңа жылды қарсы алу мерекесі ғана емес, бұл көктем, ояну және жаңару мерекесі. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін Наурыз мерекесін бүгін №7 жалпы білім беретін мектеп атап өтті. Мереке «Этно ауыл» ұйымдастырылған мектеп ауласында өтті. Этно ауылда киіз үй тігілді және ұлттық нақышта безендірілді. Ұлттық ойындар өткізілді, театрландырылған көрініс, мерекелік концерт қойылды және ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.

Ұлттық тағамдар

13.03.2023

13 наурызда 3Д сыныбында Наурыз мейрамына арналған "Ұлттық тағамдар " сайысы өткізілді. Іс-шараға 3Б, 3Д оқушылар қонақ болып келді. Ойында екі топ қатысты: 1- топ Бәйшешек, 2- топ Қызғалдақ.

Жаңа уақыт форматындағы кәсіби бағдар беру

28.02.2023

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Басқарушылық жаппай оқу: кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, педагог-кәсіби бағдар берушінің қызметі» атты кәсіби бағдар берушілердің қалалық семинары өткізілді.

Мобильді кеңес беру

17.02.2023

Құрметті әріптестер! "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік кабинеті педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша "Мобильді кеңес беру" жұмысын жүргізуде. Кеңес алу үшін күнделікті, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін 8-7142-390-853 телефон нөмері бойынша хабарласуыңызға болады.