Жаңалықтар
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
2 ақпанда мектебімізде 9–10 сынып оқушыларына арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. Іс-шараны Қостанай қаласы ПБ ЮП ОПБ КЮП бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция капитаны Карсакпаева Д.А. және Қостанай қаласы ПБ ЮП ОПБ ҚІП бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Рудаков А.Н. бірлесіп өткізді.
ҒЫЛЫМ ШЫҢДАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ!
Т. Даулетбаев атындағы XIII ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференцияда III орын иеленген 10-сынып оқушысы Кариева Ясираны шын жүректен құттықтаймыз!
ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ: «ҚАҒАЗДЫ ТАПСЫР — АҒАШТЫ САҚТА» АКЦИЯСЫ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында мектебімізде «Қағазды тапсыр — ағашты сақта» атты макулатура жинау бойынша экологиялық акция өтті. Аталған акцияға 1–11 сынып оқушылары белсене қатысып
Мектеп – бұл тек сабақтар мен бағалар ғана емес, сонымен қатар оқытуды тиімді етудің жаңа жолдарын үнемі іздеу. Бүгін біз орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фатхудинова Аймагүл Мұхтарбекқызының кәсіби жетістігін қуана ұсынамыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСУ
Мектепте мектеп директоры Ілияс Болатханұлы Елжасовтың педагогикалық ұжыммен Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша кездесуі өтті. Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі ережелерін түсіндірумен тарих пәнінің мұғалімі Дубогрей Наталья Григорьевна сөз сөйледі.
