Құқықтық тәрбие
9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында «Конституция – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі» тақырыбында бірыңғай құқықтық диктант өткізілді.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Мектебіміздің 5-сынып оқушылары үшін лудомания мен ойынға тәуелділіктің алдын алуға арналған профилактикалық әңгіме өткізілді.
«МЕНТОРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ»
Мектептегі тәрбие және профилактикалық жұмысты жетілдіруге, білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Менторлық институты» пилоттық жобасы аясында 5-сынып оқушылары үшін «Мектептегі мінез-құлық ережелері және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
«АДАЛДЫҚ – БАСТЫ ҚАҒИДА: АДАЛДЫҚ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ»
2026 жылғы 21 қыркүйекте №7 жалпы білім беретін мектепте «Адалдық – басты қағида» бірыңғай акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік және парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық сынып сағаты өтті.
ӘЛЕМ СЕНЕН БАСТАЛАДЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушыларының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Туйганов Мырзабек Сардарбекұлымен профилактикалық кездесуі өтті.
