Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Құқықтық тәрбие

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ӘЛІППЕСІ: ЕРЕЖЕНІ БІЛЕМІЗ – ӨМІРІМІЗДІ САҚТАЙМЫЗ!

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ӘЛІППЕСІ: ЕРЕЖЕНІ БІЛЕМІЗ – ӨМІРІМІЗДІ САҚТАЙМЫЗ!
«Заң және тәртіп» жобасы аясында жол полициясының қызметкерлері 2–4 сынып оқушыларына «Қауіпсіз жол» және «Жолаушы» тақырыптарында профилактикалық әңгімелер өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігі, қай жерден өту қауіпсіз екендігі түсіндіріліп, жолаушы ретіндегі тәртіп ережелері еске салынды. Әсіресе, жол реттеушісінің қимылдары мен белгілерімен танысу балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Полиция қызметкерлері жол таяқшасының көмегімен берілетін белгілерді қалай түсіну керектігін көрнекі түрде көрсетті.
Мұндай кездесулер балаларға жол қозғалысы ережелерін біліп қана қоймай, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануды үйретуге көмектеседі.
Естеріңізде болсын: жол қателікті кешірмейді! Өздеріңізді сақтаңыздар және жолда әрдайым мұқият болыңыздар!