Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Құқықтық тәрбие

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАС ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІ – ЖАҢА ТӘЖІРИБЕГЕ БІРГЕ ҚАДАМ!

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАС ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІ – ЖАҢА ТӘЖІРИБЕГЕ БІРГЕ ҚАДАМ!
«Жас полиция көмекшілері» қалалық байқауының жеңімпазы атанған №7 жалпы білім беретін мектептің ЖПK командасы облыстық слётке белсенді қатысты.

Біздің оқушылар шығармашылық өнерлерін үлкен қызығушылықпен ұсынып, байқау тапсырмаларын орындады және жас полиция көмекшілеріне тән білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

Слётке қатысу тәжірибе алмасуға, командалық рухты, бастамашылдық пен жауапкершілікті танытуға, сондай-ақ жаңа білім алып, жаңа достар табуға және жарқын әсерлерге бөленуге тамаша мүмкіндік болды.

Оқушыларымызды мақтан тұтамыз! №7 мектептің ЖПK командасына жаңа жетістіктер, өз күштеріне деген сенімділік және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!