Жаңалықтар
ҚАУІПСІЗДІК МИНУТЫ: ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қауіпсіздік минуты» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Жас жол инспекторлары жасағының өкілдері оқушылармен жол қозғалысы ережелері мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа арналған профилактикалық әңгіме жүргізді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСKE ДАЙЫНДЫҚ: «АДАЛ АЗАМАТ» – ИДЕЯДАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІН!
Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын сабақ мазмұны, үйірме жұмыстары және сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға арналған педагогикалық кеңестің шығармашылық топтарының отырысы өтті.
БІЗДІҢ ҚЫЗДАР — ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!
Мектебіміздің оқушылары Төлебай М., Баярстанова С., Жақупова Д. және Никушкина Д. «Балғын лига» лигасы аясында өткен футболдан республикалық чемпионатта мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, құрметті III орынды иеленді!
ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА III ОРЫН!
Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған облыстық практикалық конференцияда III орын иеленген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтеулі Абат Төлегенұлын шын жүректен құттықтаймыз!
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАР
Мектебімізде «Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық: 1-сынып оқушыларының табысты бейімделуіне арналған мұғалімнің практикалық құралдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн-семинар өтті.
