Ғылыми-әдістемелік жұмыс
МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ!

Ұстаздарымызды жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
«№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімдері математика пәнінен өткен «ПЕДСТАРТ» республикалық қашықтық олимпиадасында жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, І дәрежелі дипломдардың иегерлері атанды!
9 бірдей І дәрежелі диплом — педагогтеріміздің жоғары кәсібилігін, терең білімін және үздіксіз дамуға деген ұмтылысын дәлелдейтін тамаша нәтиже!
Әріптестеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз! Ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, толағай жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Білікті ұстаз — білімді шәкірт кепілі!
