Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚҰСТАР КҮНІ

02.04.2026

«Қамқор» жобасы аясында және Халықаралық құстар күніне орай 1–4 сыныптар параллелінде қанатты достарымызға арналған бірқатар сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар барысында оқушылар құстардың табиғаттағы маңызы, экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі туралы білді, сондай-ақ көктем мезгілінде оларға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді.

ҚАЛА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН ҚҰРМЕТТІ МАРАПАТ

02.04.2026

Бүгін «Кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастырудың заманауи тәсілдері: буллинг пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша әдістемелік негіздер мен тәжірибелер («ДосболLIKE» бағдарламасы аясында)» атты қалалық семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рустам Владимирович Байрамов Құрмет грамотасымен марапатталды.

ҚАРАП, ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСА

01.04.2026

Бүгін мектебімізде 9–11 сынып оқушылары үшін «Не книжные закладки» және «Хулиганка» фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара профилактикалық жұмыс аясында өткізіліп, жоғары сынып оқушыларының өз әрекеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және құқыққа қайшы мінез-құлықтың мүмкін болатын салдарын түсінуге бағытталды.

ДИАЛОГ АЛАҢЫ: ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ СЕРІКТЕСТЕР

31.03.2026

Бүгін 2 «Д» сыныбында сынып жетекшісі Старовойтова Н.А.-ның жетекшілігімен диалог алаңы форматында ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуге мектеп басшылығы – Ильяс Болатханович Ельжасов, әкімшілік өкілдері және пән мұғалімдері қатысты. Кездесу ашықтық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.

ЛАЙЫҚТЫ НӘТИЖЕҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

31.03.2026

Иващенко Андрей Александровичты «Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі дипломға ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!