Жаңалықтар
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ
Бүгін математика, информатика және физика апталығы аясында әртүрлі сынып оқушыларына арналған қызықты іс-шараларға толы мазмұнды төртінші күн өтті.
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ
Бүгін мектебімізде математика, информатика және физика апталығының үшінші күні өтті. Бұл күн әртүрлі сынып оқушылары үшін қызықты әрі танымдық іс-шараларға толы болды.
СЫНЫП САҒАТЫ «БІЛІМ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
11-сынып оқушылары арасында «Білім беру – мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара жоғары сынып оқушыларының қазіргі қоғамдағы білімнің маңыздылығын және елдің дамуына әрбір азаматтың рөлін түсінуін қалыптастыруға бағытталды. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар Конституцияның негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңызын талқылады, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік саясаттағы басты басымдықтардың бірі ретіндегі рөлін қарастырды.
2026 жылғы 7 сәуірде мектебімізде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында республикалық Бірыңғай сабақтар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, өздерінің физикалық және психикалық денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамыту, сондай-ақ оны сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыру.
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ
Бүгін, сейсенбі күні, мектепте математика, информатика және физика апталығы аясында әртүрлі сынып оқушыларына арналған қызықты әрі танымдық іс-шаралар өтті.
