Жаңалықтар
«МЕН СҮЙІКТІ ЖҰМЫСЫМА БАРАМЫН!» – II ОРЫН!
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Черанев Юрий Сергеевичті орыс тілі мен әдебиеті педагогтеріне арналған «Мен сүйікті жұмысыма барамын» атты қалалық бейнероликтер байқауында II орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
7 «Д» сынып оқушысы Серікпаев Амирді қалалық «Мәриям оқулары» байқауында II орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
БІРЫҢҒАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖАЛПЫМЕКТЕПТІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
20 қараша күні №7 жалпы білім беретін мектепте аутодеструктивті мінез-құлықтың, нашақорлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған Бірыңғай облыстық жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАС ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІ – ЖАҢА ТӘЖІРИБЕГЕ БІРГЕ ҚАДАМ!
«Жас полиция көмекшілері» қалалық байқауының жеңімпазы атанған №7 жалпы білім беретін мектептің ЖПK командасы облыстық слётке белсенді қатысты.
16 қараша күні Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің (ҚӘТУ) Халықаралық конференциясында «Мектептегі жасанды интеллект: оқыту үдерісінде жасанды интеллект пен робототехниканы қолданудың практикалық кейстері» тақырыбында баяндама жасаған АКТ жөніндегі директордың орынбасары Сабанова Бақыткүл Қадырбекқызы болды.
