Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар

«90-ЖЫЛДАР СТИЛІНДЕГІ КӨКТЕМ»

04.03.2026

2 наурыз күні 5 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Атоварова Ю.А.-ның жетекшілігімен аяулы аналарға арнап 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама дайындады. «90-жылдар стиліндегі көктем» атты мереке қонақтарға жарқын естеліктерге толы ерекше көңіл күй, қуаныш пен көктемгі шаттық сыйлады.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ – МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫНА!

03.03.2026

2 наурыз күні 2-сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойындар» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және бірлік сезімін тәрбиелеу болды.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ: ТӘЖІРИБЕ, ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

02.03.2026

27 ақпанда Қостанай облысының дене шынықтыру пәні жас мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және заманауи сабақты ұйымдастырудың өзекті тәсілдерін талқылау алаңына айналды.

САПАҒА ҚАДАМ: СЫНЫПТЫҚ-ЖАЛПЫЛАУ БАҚЫЛАУЫ

02.03.2026

9-сыныптар параллелінде сыныптық-жалпылау бақылауы өткізілді. Оның аясында пән мұғалімдері өз сабақтарының ұйымдастырылуы мен мазмұнын көрсетті.

СӨЗ ӨНЕРІ: «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫН ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

02.03.2026

Мектебімізде «Алпамыс батыр» жыры бойынша байқау өтті. Байқауға 5–8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жырды мәнерлеп, жатқа орындап, жоғары дайындық деңгейін, сахналық шеберлігін және ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін көрсетті.