Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ІЗГІЛІК ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

ІЗГІЛІК ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
Мектебіміздегі Палийчук Ю.И. жетекшілік ететін «Театр және балалар» үйірмесі «Ізгілік өзімізден басталады» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар ізгіліктің күнделікті өмірде қалай көрініс табатыны, айналамыздағы адамдарға мейірімділік танытып, жанашыр болудың неліктен маңызды екендігі туралы ой бөлісті. Балалар ізгі істер туралы ой толғап қана қоймай, сахналық көрініс арқылы мейірімділіктің нақты өмірлік жағдайларда қалай көрініс табатынын көрсетті.
Іс-шара баршаға кішкентай ғана жақсылықтың, шынайы айтылған жылы сөздің немесе басқа адамға көрсетілген көмектің айналамыздағы әлемді жақсарта алатынын еске салды.
Өйткені ізгілік шынымен де әрқайсымыздан басталады!