Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

ОЙЫН АРҚЫЛЫ – МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫНА!

ОЙЫН АРҚЫЛЫ – МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫНА!
2 наурыз күні 2-сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойындар» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және бірлік сезімін тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар асық ату, ақсақ қарға, сақ құлақ, аш қасқыр сияқты ұлттық ойындарды ойнап, белсенділік пен қызығушылық танытты. Балалар өздерінің ептілігі мен жылдамдығын көрсетіп қана қоймай, бір-біріне қолдау білдіріп, достық қарым-қатынастарын нығайтты.
Іс-шара қызықты әрі тартымды өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.