Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Тәрбие жұмысы

АБАЙ ӘЛЕМІ» ӘДЕБИ КАФЕСІ

АБАЙ ӘЛЕМІ» ӘДЕБИ КАФЕСІ
3 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 9-сынып оқушыларымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби кафе өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Қара сөздер шығармасынан ой бөлісіп, оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Кештің атмосферасы жылы, әсерлі әрі шабыттандырарлық болып, қатысушылардың жүрегіне ұлттық мұраға деген мақтаныш сезімін ұялатты.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Раманкулова А.О. және Утесова Г.К. өткізді.