Тәрбие жұмысы
«90-ЖЫЛДАР СТИЛІНДЕГІ КӨКТЕМ»

2 наурыз күні 5 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Атоварова Ю.А.-ның жетекшілігімен аяулы аналарға арнап 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама дайындады. «90-жылдар стиліндегі көктем» атты мереке қонақтарға жарқын естеліктерге толы ерекше көңіл күй, қуаныш пен көктемгі шаттық сыйлады.
Оқушылар шын көңілмен дайындалды: әсерлі би нөмірлерін, жүрекке жылы тиетін әндерді және шынайылық пен мейірімге толы қызықты қойылымдарды ұсынды. Әрбір нөмір аналардың шат күлкісімен, зор қошеметімен және қуанышқа толы жанарларымен сүйемелденді.
Ең әсерлі сәттердің бірі – балалардың өз қолдарымен, сүйіспеншілікпен жасаған сыйлықтарын табыстауы болды. Олар аяулы аналарына қамқорлығы, қолдауы және шексіз махаббаты үшін алғыс білдірді.