Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор
Басты / Мектеп қызметі / "Адал Азамат"

"Адал Азамат"

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЙЛЫҒЫ: «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК».

21.01.2026

Айлық аясында ата-аналар жиналыстары өтті. Жиналыстарда Ақсақалдар кеңесінің өкілі Орымбаев Хамитжан Дәкенұлы сөз сөйледі. Өз сөзінде Хамитжан Дәкенұлы ата-аналарға білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тәрбиенің маңызы, сондай-ақ балалардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастырудағы отбасы мен мектептің жауапкершілігі туралы айтып өтті.

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ: ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП. БАЛА ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК.

21.01.2026

№7 жалпы білім беретін мектепте I ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналыстары өтті. Кездесулерді мектеп директоры Ильяс Болатханұлы Ельжасов және сынып жетекшілері өткізді. Жиналыстар барысында II тоқсанның қорытындылары шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен кездескен қиындықтары талқыланды, сондай-ақ отбасы мен мектептің одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығының жолдары айқындалды.

Отбасы күні - жылулық, сенім және шынайы құндылықтар мерекесі

11.09.2025

Мектебімізде осы күнге орай оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды біріктірген іс-шаралар өткізілді: «Ұрпақтар даналығы» ата-аналар форумы – 40 қатысушы тәрбиенің маңызды сұрақтарына жауап тапты.