"Адал Азамат"
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАЛАҢДЫ ТАЗАРТ — ӨЗ АУЛАҢНАН БАСТА!
№7 мектеп ұжымы тағы да мектеп аумағын тазалау жұмыстарына шықты. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектепте қала бойынша ұйымдастырылған екі айлық сенбіліктің алғашқы кезеңі өткізіліп, іргелес аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
СЫНЫП САҒАТЫ «БІЛІМ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
11-сынып оқушылары арасында «Білім беру – мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара жоғары сынып оқушыларының қазіргі қоғамдағы білімнің маңыздылығын және елдің дамуына әрбір азаматтың рөлін түсінуін қалыптастыруға бағытталды. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар Конституцияның негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңызын талқылады, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік саясаттағы басты басымдықтардың бірі ретіндегі рөлін қарастырды.
2026 жылғы 7 сәуірде мектебімізде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында республикалық Бірыңғай сабақтар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, өздерінің физикалық және психикалық денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамыту, сондай-ақ оны сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыру.
