Кәсіби бағдар жұмысы
Медиа және болашақ мамандықтар әлемі
7 мектептің 11-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен «Медиа және болашақ мамандықтар әлемі» атты шеберлік сабағына қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға журналистика факультетіне түсу жолдары, оқу барысы және медиа саласындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Факультет оқытушылары журналист болу үшін дұрыс сөйлеу, креативті ойлау мен сын тұрғысынан қарау қабілеттерінің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік қызмет тақырыбына кәсіби бағдар беру кеңесі
Мектеп түлектерінің мемлекеттік секторда жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейту мақсатында мемлекеттік қызмет тақырыбында кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
Қостанай қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімшесіне 9-сынып оқушылары барды. Бұл нағыз қаһармандар – өрт сөндірушілер әлеміне жасалған қызықты әрі танымдық саяхат болды.
