Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Кәсіби бағдар жұмысы

Медиа және болашақ мамандықтар әлемі

Медиа және болашақ мамандықтар әлемі
7 мектептің 11-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен «Медиа және болашақ мамандықтар әлемі» атты шеберлік сабағына қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға журналистика факультетіне түсу жолдары, оқу барысы және медиа саласындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Факультет оқытушылары журналист болу үшін дұрыс сөйлеу, креативті ойлау мен сын тұрғысынан қарау қабілеттерінің маңыздылығын атап өтті.
Ең қызықты сәттердің бірі – университеттің медиа кабинетімен танысу болды. Заманауи техникамен жабдықталған бұл студияда оқушылар эфир фрагментін өз қатысуларымен жазып, нағыз тележүргізуші рөлін байқап көрді.
Шеберлік сабағы өте қызықты әрі пайдалы өтті. Жасөспірімдер журналистика мамандығына жаңа көзқараспен қарап, шабыт пен мотивация алды.