Кәсіби бағдар жұмысы
Қостанай гуманитарлық колледжі
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 2025 жылғы 15 желтоқсанда Қостанай қаласындағы Гуманитарлық колледж өкілдерімен 9–11 сынып оқушыларының кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды колледждің оқу үдерісімен, мамандықтарымен, қабылдау шарттарымен және болашақ кәсіби мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Біздің мектеп оқушылары Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Үздік маман: Аспаз» байқауына қатысты. Оқушыларымыз мектеп абыройын жоғары деңгейде қорғап, жеміс пен көкөністерден тағам әзірлеу мен безендіру шеберліктерін, ерекше ой-қиялын көрсетті.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің өкілімен кездесу
Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 10–11-сынып оқушылары КазГЗУ (Қазақ гуманитарлық-заң университеті) өкілімен кездесті. Кездесудің мақсаты – оқушыларды заң және гуманитарлық бағыттармен, оқу орнына түсу ережелерімен, сондай-ақ университетті бітіргеннен кейінгі мансаптық мүмкіндіктермен таныстыру болды.
7-сынып оқушылары "Baitursynuly Universitety" ұйымдастырған танымдық «Инженер Fest» іс-шарасына қатысты. Шара инженерлік ғылымдарға, технологияларға және заманауи жаңалықтарға арналды.
Медиа және болашақ мамандықтар әлемі
7 мектептің 11-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен «Медиа және болашақ мамандықтар әлемі» атты шеберлік сабағына қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға журналистика факультетіне түсу жолдары, оқу барысы және медиа саласындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Факультет оқытушылары журналист болу үшін дұрыс сөйлеу, креативті ойлау мен сын тұрғысынан қарау қабілеттерінің маңыздылығын атап өтті.
