Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Кәсіби бағдар жұмысы

МЕКТЕПТЕН МАМАНДЫҚҚА: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІМЕН ДИАЛОГ

МЕКТЕПТЕН МАМАНДЫҚҚА: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІМЕН ДИАЛОГ
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқушылардың ауыл шаруашылығы колледжінің өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — білім алушыларды орта арнаулы білім алу мүмкіндіктерімен, аграрлық саладағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, сондай-ақ олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт беру.
Кездесу барысында колледж өкілдері даярлау бағыттары, оқуға түсу шарттары, оқу мерзімі және оқу орнының артықшылықтары туралы ақпарат берді. Әсіресе агрономия, ветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру және басқа да сұранысқа ие мамандықтарға ерекше назар аударылды.
Оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы, студенттердің өндірістік тәжірибесі, сондай-ақ болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мәліметтер ұсынылды.