Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КӨБІНЕ БІЗДІҢ НАЗАРЫМЫЗ БЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КӨБІНЕ БІЗДІҢ НАЗАРЫМЫЗ БЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ.

Құрметті ата-аналар!

Жаздың ыстық күндері мен жазғы демалыс кезеңі басталды. Осы уақытта балалар көп уақыттарын көшеде, су айдындарының маңында өткізеді және кейде ересектердің тиісті бақылауынсыз қалады. Өкінішке қарай, жыл сайын суда балалардың қаза болуымен байланысты қайғылы жағдайлар орын алады.

Сіздерден балаларыңыздың бос уақыттарын қайда және кіммен өткізетінін бақылауды күшейтулеріңізді сұраймыз. Оларға судағы қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отырыңыздар:

  • ересектердің қарауынсыз суға түспеу;
  • жабдықталмаған және суға түсуге тыйым салынған жерлерге бармау;
  • жағадан алысқа жүзіп кетпеу;
  • суда қауіпті ойындар ұйымдастырмау.

Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі көбіне біздің назарымыз бен жауапкершілігімізге байланысты. Өмірдегі ең маңыздысы — балаларымыздың бақыты мен денсаулығы. Оларды қорғаңыздар!

Құрметпен,
Қостанай қаласы №7 ЖББМ әкімшілігі