Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз

Жаңалықтар

Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін автоматтандырудың негізгі артықшылықтары.

Құрметті ата-аналар!

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету басталады.

2019 жылдың маусымынан бастап Қостанай қаласында осы мемлекеттік қызметті алу тек қағаз түрінде ғана емес, «SAKURA: электрондық мектебі» ЭЕМ білім беру порталы арқылы электрондық нұсқада да мүмкін болды. «SAKURA» электрондық мектебі ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын 6 жастан бастап балаларды мектеп білім беру мекемелеріне қабылдау үрдісін автоматтандыруға арналған.

Мемлекеттік қызметті автоматтандырудың негізгі артықшылықтары бірінші сыныпқа электрондық форматта электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланбастан school.kst-goo.kz онлайн-порталы арқылы өтініш беру және мектепке бару қажеттілігінің болмауы болып табылады. 

Сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы бойынша өз мектебіңіздің нөмірін білуге және берілген өтінішті қашықтықтан қарау үрдісін бақылауға болады, бұл жеке уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Портал арқылы бірінші сыныпқа түсу үшін баланың нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, электрондық нұсқада өтініш беру, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 «Бала денсаулығының паспорты» 026/у-3 тіркеу нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген туу туралы куәліктің электрондық көшірмесін (егер бала 2008 жылға дейін туылса), 3х4 см көлеміндегі 2 дана сандық фотосуретті, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелерін № 063/е нысанды тіркеу қажет. 

Портал арқылы өтініш берілгеннен кейін Сізге электрондық өтініш беру кезінде көрсетілген ұялы нөмірге СМС – хабарлама жолданады. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Сізге өтінішті қабылдаудан бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша туындаған барлық мәселелер жайында Сіз «SAKURA» ақпараттық платформасында көрсетілген телефон нөмірлеріне, білім беру ұйымдарына немесе Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне аласыз: 54-71-30-жалпы орта білім беруді дамыту секторы, 54-39-02-ақпараттық технологиялар бөлімі.

Қостанай қаласының білім бөлімі