Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Жаңалықтар

5-сынып оқушыларының танымдық қызметін ұйымдастыру тәжірибесі

5-сынып оқушыларының танымдық қызметін ұйымдастыру тәжірибесі
Бүгін, 2025 жылдың 24 желтоқсанында, 5-сыныптар параллелінде сыныпаралық жиынтық бақылау аясында «5-сынып оқушыларының танымдық қызметін ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында шеберлік- сыныбы өтті. Іс-шара педагогтерді 5-сыныптар параллелінде танымдық және тәрбиелік кеңістікті ұйымдастырудың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды. Секция спикерлері: Ряполова Н.А., Абдилдина А.К., Пузач В.Н., Тарасенко С.С. шеберлік сыныбы барысында қатысушыларды оқушылардың сыни ойлауын дамыту және сабақта интерактивті жұмысты ұйымдастыру жолдарымен таныстырды. Мақсатты топтарда интерактивті оқыту әдістерін қолданудың педагогикалық артықшылықтары мен ықтимал қиындықтары талқыланып, практикалық ұсыныстар әзірленді, тәжірибе мен әдістемелік жаңалықтар сапалы алмасылды.