Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Жаңалықтар

Министрге хат

Министрге хат
Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады: «Министрге хат» акциясы басталды

 2025 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында республикалық «Министрге хат» акциясы өтеді.

​ Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру.

 Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com

 Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін.

 Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
• баланың тегі мен аты;
• оқу орны;
• мекенжайы мен байланыс телефоны.

 Акция қорытындысы бойынша Министр хаттармен жеке танысып, ең мазмұнды әрі шынайы хаттарға жеке жауап береді.

​«Министрге хат» — бұл әр баланың дауысы маңызды саналатын сенім мен құрмет алаңы.

​#Қазақстанбалалары #БалаларҮні