Жаңалықтар
Білімім – Отанымa

Бүгін мектебімізде 1–11 сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтті. Бұл – алғыс пен жылы лебіздер айтылатын, жетістіктер мен табыстарға толы бір жылды қорытындылайтын ерекше күн болды.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Искаков Жанторе Мұхтарұлы ашып, оқушыларға оқу жылын сәтті аяқтап, жарқын демалыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Салтанатты жиын барысында үздік оқушылар марапатталып, мектеп өміріне белсенді қатысқаны, шығармашылық жетістіктері және оқу озаттығы үшін алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Олардың еңбекқорлығы мен табандылығы – бәрімізге үлгі!
Барлық сыныптарда "Білімім – Отанымa" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Бұл кездесулерде оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, есте қалған жарқын сәттерді еске алып, жазғы демалысқа жоспар құрды.
Сонымен қатар, сынып жетекшілер 1–11 сынып оқушыларымен бірге эссе жазды:
«Таза Қазақстан» – 1–4 сыныптар
«Заң және тәртіп» – 5–9 сыныптар
«Адал Азамат» – 10–11 сыныптар
Бұл жұмыстар оқушылардың азаматтық көзқарасы мен ойларын еркін білдіруге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, Бейсембаев Г.Б.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің құттықтау бейнежазбасы көрсетілді. Министрдің жүрекжарды лебізі бір жылдық еңбектің лайықты қорытындысы болды.
Алда – жазғы демалыс! Жаз барлықтарыңызға қуаныш, демалыс және жаңа шабыт сыйласын!
#Адал_Азамат #Адал_Азамат_Эссе #Білімім_Отанымa #ТазаҚазақстан #ЗаңЖәнеТәртіп #ОқуЖылыАяқталды #Мектеп2025 #ҚазақстанБілім