Жаңалықтар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі

18 наурыз күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі" тақырыбында семинар өтті. Бұл шара жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын оқу үдерісіне енгізудің артықшылықтарын талқылауға арналды. Семинар директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Шошакова Ж К және қазақ тілі мен әдебиетінің ӘБ жетекшісі Досанова А М жетекшілік етіп, ұйымдастыруымен өтті. Семинар Ж. М. Искаковтың алғысөзімен басталды.Семинар барысында: 3 сыныптарға арналған «Бұл кісі-суретші» тақырыбындағы сабағы өтті.Мұғалімдер: Жараспаева А.К., Жакашева Д.Қ., 7 сыныптарға арналған «Наурызкөже ішеміз» тақырыбындағы сабағын Әбеуғали А.Б., Абдрашева Т.Б, өткізді. 9 сыныптарға арналған «Бес арыс» тақырыбындағы сабақты Шошакова Ж.К., Абдилдина А.К. Шеберлікпен өткізді. Семинар соңында акт залында Ш. М.Омарова мен Г. К. Утесова семинарға қатысушылармен шебер-сынып өткізді.Семинар соңында, мұғалімдер өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж. Д. Жұмағұлава семинарды қорытындылап өз пікірін білдірді.Жасанды интеллект – заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оны тиімді пайдалану оқу үдерісін жақсартып, оқушылардың білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.Болашақта осындай іс-шаралар жалғасын тауып, педагогтардың ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамытуға мүмкіндік беретініне сенім мол.