Жаңалықтар
Мектеп түлектерінің Аллеясында жаңа өмір басталды

Бүгін біздің мектеп үшін ерекше әрі жүрекке жылы бір сәт орын алды. Жыл сайынғы игі дәстүрге айналған акция – “Түлектер аллеясына ағаш отырғызу” шарасы биыл да жалғасын тапты. Мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектеріміз мәңгілік естелік ретінде жасыл шыршалар – сәнді қарағайлар отырғызды.
Бұл – жай ғана ағаш егу емес. Бұл – туған білім ордасына деген құрметтің, алдағы өмір жолына деген сенімнің және ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Әр отырғызылған шырша – бір арманның тамыр жайғаны, бір жүректің лүпіліндей.
Түлектеріміздің жүзінен мақтаныш пен толқу, жүректерінен жылылық пен жауапкершілік сезілді. Осы егілген жасыл көшеттермен бірге олардың асқақ армандары да биіктей берсін!
Аллея – жыл өткен сайын көркейіп, келер ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Бұл күн – болашаққа жол бастаған, табиғатқа тағзым еткен ерекше күн болып қалары анық.