Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Жаңалықтар

Соңғы қоңырау - қуанышты әрі көңілсіз мереке. Уақыт зымырап өтіп барады. Түлектер бірінші сыныпқа күні кеше ғана аяқ басқандай. Ол кезде бәрі алда еді: алғашқы ұстаз, бірінші қоңырау, бірінші оқылған сөз, қуанған , ренжіген сәттері. Міне, соңғы қоңырау да соғылып, дәптердегі шимай да, асыға күткен үзіліс те артта қалды. Бүгін біздің мектебіміздің 57 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды! Сыңғырлаған қоңырау мектеп жылдары артта қалғаны және олардың өміріндегі басты қадамның белгісі. Басқан қадамдарынның нық және дұрыс болуын тілейміз! Балалар, сендерге ақ жол болсын !