Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Жаңалықтар

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті.

Кездесу барысында министр ұстаздарға ерен еңбегі мен балаларға деген сүйіспеншілігі және жанашырлығы үшін алғыс білдірді. Олардың үздік тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесін өңірлерде тарату қажет екенін атап өтті. «Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деген еді. Мұғалімнің еңбегі ерен, өлшеусіз. Ал қазіргі педагог – ол көшбасшы, барлық әріптестері үшін үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер кәсіби сарапшы ретінде мектепті басқару ісіне, тәрбие жұмыстарына қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Кездесу қатысушылары арасында Қостанай қаласының № 3 мектеп-гимназиясының шетел тілі мұғалімі Зауреш Даумова бар. Зәуреш Сақытбайқызы еліміздің ұстаздары біздің ағартушыларымыздың өсиеттерін ұстанып, олардың мұраларын шығармашылық деңгейде қайта қарастырып, жаңа белестерді бағындыратын болашақ ұрпақтың игілігі үшін заманауи технологиялармен байланыстыратынын атап өтті.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде ұстаз мәртебесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жалақы көлемінің ұлғайып, жүктеменің азаюы, кәсіби біліктілікті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ 2021 жылдан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік сыйлығының тағайындалуы.