Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз

Жаңалықтар

Шуақты қыркүйек айының күні-алғашқы қоңырау!

Шуақты қыркүйек айының күні-алғашқы қоңырау!
1 қыркүйек-Білім күні! Кітаптар, гүлдер, достар, күлімсіреу, жарық мерекесі! Біздің мектептің есігі жаңа оқу жылын бастау үшін қайта ашылды! Демалып, келген оқушылардың барлығы мектеп ауласына қайта жиналды. Олар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті мұғалімдерімен кездесуге қуанды. Ұлы мереке - Білім күні. Білім-болашаққа апарар жол. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Дәстүрлі түрде бірінші сынып оқушыларын таныстырды, биыл 141 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Мектеп директоры Жанторе Мухтарович Искаков пен ата-аналар мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады.Жаңа оқу жылы баршаға жарқын және жемісті болсын, шығармашылыққа, қызыққа толы болсын, балаларды да, олардың мұғалімдерін де рухани байытсын. Бір топ балалар - бірінші сынып оқушылары жауап сөзімен сөз сөйледі, бүлдіршіндер өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Осы оқу жылындағы алғашқы мектеп қоңырауының уақыты келді. Бұл құрметке 11 Б сынып оқушысы Дильназ Айтпаева мен бірінші сынып оқушысы Али Алмагамбетовке берілді. Білім күні "мектеп – мейірбандық мекені"тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасты. 1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйек ғана емес, мектепте өткізген барлық күндер де қуанышты болуын тілеймін. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге толы болсын!