Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ САРАПТАМАСЫ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ САРАПТАМАСЫ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ
        2020 жылдың   27  қараша күні  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ  қазақ тілі мен әдбиеті мұғалімдері   « Жаңартылған  білім беру мазмұны аясында оқытудың   жаңа әдістері» атты  қалалық семинар ұйымдастырды.
     
  Мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың білімін ынталандыру мәселелері және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу.
           
Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім –теориялық , 2 бөлім - практикалық.  Осы семинарға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 5 мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Теориялық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік  бірлестігінің жетекшісі Ульжебаева Ләззат Кенжебаевна  бірлестіктің  тақырыбымен таныстырып, аталған проблемамен жұмыс істеу барысында, қандай  мақсат көзделеді, қойылған мақсатты шешу үшін  жүзеге асырылатын міндеттерге тоқталды. №7 ОМ қазақ тілі мен әдебиет ӘБ құрамымен таныстырып кетті: 16 мұғалім,  мұғалімдердің барлығы жоғары  білімді, оның ішінде 3 мұғалім- педагог-зерттеуші, эксперт- 2 мұғалім, педагог-модератор – 3, жоғары санатты - 4,  3 –мұғалім бірінші санатты,  санатсыз 1 мұғалім, жас маман, 2 жыл бұрын Қостанай қаласының А. Байтұрсынов атындағы Мемлекеттік университетін аяқтап  жұмысқа кірісіп отыр. Сонымен қатар ӘБ  мұғалімдері мақала, ашық сабақтарын баспасөз беттеріне  жариялап отыратынын,  авторлық жұмыстар жазып,  өзара сабақтар мен  білімін  жетілдіру курстар, қала, облыс, Республика деңгейінде семинар, конференцияларға қатысып, ғаламтор желісіннен және түрлі әдебиеттерден алынған қажетті ақпараттармен танысатыны туралы айтты. 

Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып жатыр. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін  арттырудың  деңгейлік бағдарламалары  бойынша  жалпы ӘБ  мұғалімдердің ішінде     2 мұғалім (үшінші (базалық) деңгей бойынша және бірінші (ілгері)деңгей бойынша –  2 мұғалім курсты аяқтады. Сонымен қатар    «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту» бағдарламасы бойынша 2  мұғалім біліктіліктерін арттырып және 9 мұғалім қысқа мерзімді курстарын аяқтады. Мектеп оқушыларының жетістіктеріне де тоқталып, қала, облыс, Республика көлемінде жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылардың аты-жөндерін презентацияда көрсетіп, атап кетті.
 
 
 
Ульжебаева Ляззат Кенжебаевна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 

 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исенова Рая Исенбаевна бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі «Қашықтық оқыту форматындағы қалыптастырушы бағалаудың  тиімді құралдары» туралы сөз сөйледі. Өз сабақтарында кеңінен қолданатын Google форма ,Google Classroom, Quizlet, Kahoot сияқты сандық құралдары арқылы  оқушылар ойын, викторина, тест, карточкалардағы тапсырмалар орындау барысында білімдерін нығайтып, шыдай алады. Сонымен қатар, мұғалімнің де уақытын үнемдеп, оқу сапасын артады. Қашықтық оқытуда оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал тиізеді. Ал қалыптастырушы бағалау сандық құралдары арқылы орындаудың тиімділігі  қазіргі қашықтық оқыту жағдайында одан сайын артады.
 
  
 
 Исенова Рая Исенбаевна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 

Мектепте білім беру үдерісі ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» бойынша жүргізіледі. Бұл стандарттарда білім берудің мазмұны, оқу жүктемесі, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптар көрсетілген. Яғни мұғалімдер осы стандарттарды басшылыққа  ала отырып әзірленген оқу бағдарламалары және жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақтарын құрды.  

2 практикалық бөлімін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шошакова Жанар Карасымовна жалғастырды.  Мұғалім 4  сыныпта «Мәдени мұра» бөлімінің «Зергерлік бұйымдар» деген тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқыту мақсатына жету үшін түрлі жаңа әдіс-тәсілдер қолданды. Мысалы,   мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайтын сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру;  шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж /жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру қарастырылды. Осы оқу мақсаты негізінде оқушылар мәтін мазмұны бойынша сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыра алады. Сұрақтарға  жауап берді және  коллажды сөйлемдермен  толықтырды. Сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында видео ұсынылып, сол видео негізінде оқушылар мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар қойды, сөздермен сөздік жұмыс жасады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сөздерді суреттермен сәйкестендір деген әдіс бойынша жұмыс жасады. Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді. Мұғалім тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиясын ескере отырып құрастырды. 
 
 
 Шошакова Жанар Карасыновна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 
 
Мутунова Айгерим Кокенаккиевна 5 сыныпта «Судың маңызы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру, өз ойларын білдіру және дәлелдеу. Сабақ  «3 сурет, 1 сөйлем» әдісі арқылы басталып, оқушыларға ойтүрткі ретінде - Суреттерде не көріп отырсыздар? - Судың адам өміріндегі маңыздылығы қандай? деген сұрақтар берілді. Сабақ барысында: 1-тапсырма суретке сәйкес сөзді тап. Бұл тапсырмада оқушылар суреттер арқылы сөздерді дұрыс сәйкестендіру тапсырмасын орындады. Келесі тапсырманы орындау барысында оқушылар  ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтады және  дұрыс жауабын көрсете білді.

Судан минералды тыңайтқыш алынады. Сол себепті, не бір тірі зат сусыз өмір сүре алмайды. Біз де суды үнемдеуіміз керек екенін мұғалім оқушыларға түсіндіріп кетті. Тілдік бағдар бойынша сан есімге тоқталып, заттың санын, ретін, мөлшерін білдіреді, Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап беретінін оқушылардың естеріне түсірді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында  судың маңызы жайында мультфильм тамашалап, осы мультфильмнің желісімен өз достарына хат жазды. Мұғалім сабақ барысындағы оқушылардың көңіл-күйлерін бағалап, жақсы лебіздер айтылды. Сабақтың соңында «Алма ағашы» әдісі бойынша сабақ қорытындыланып, түйін сөз айтылды.
 
 
 Мутунова Айгерим Кокинаккиевна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 
Омарова Шолпан Маратовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11 «В» сыныбында «Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі. Ыбырай Алтынсарин  « Атымтай жомарт»  бөлімі бойынша, «Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу. Бөлім бойынша өткізген нәтиже сабақ,  Ыбырай  Алтынсариннің  «Атымтай Жомарт»  шығармасымен байланыстырып, қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптар көтерілді. Сабақта "Миға шабуыл"әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашып, сөздікпен жұмыс жасау арқылы синоним сөздердің мағынасы  түсіндірілді. Мәтінді талдау арқылы жұмыссыздықтың салдары ашылды. Сабақты бекітуде, оқушылар алған білімдерін мәтін мазмұны бойынша негізге алып, сөздердің біреуін тақырыпқа ала отырып, оқушылар өз ойларын  жинақтап жазды. Сабақты қорытындылауда «Сөздік картасы»әдісі арқылы оқушылар өз пікірлерін білдірді, сабақта тап болған қиындықтарын айтты.  Сабақ мақсатына жетіп, "Сабақтан алған әсерлерін" кері байланыс арқылы қорытындыланды.
 
 
 
 Омарова шолпан Маратовна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 
 
  ӘБ жетекшісі Ульжебаева Л.К. қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні - баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңызы зор болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.
 
 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі:                    Ульжебаева Л.К.