Ата-аналарға
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!
Суық ауа райының басталуымен, су объектілері қата бастаған кезде жазатайым оқиғалар бола бастайды. Осыған байланысты, балаларыңызға көңіл аударып, жұқа мұзға шығу қаупі туралы айтыңыздар. Балаларыңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыздар. Күзгі-қысқы кезеңде балалардың су айдындарында болуына және өтуіне жол бермеңіздер. Әсіресе мұз ойындары өте қауіпті!
Құрметті ересектер! Балаларға назар аударыңыздар, олардың мұзға шығу әрекеттерін тоқтатыңыздар, ұқыпсыздық қайғылы жағдайға айналуы мүмкін!
Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін бірнеше қарапайым ережелерді білу және сақтау жеткілікті.