Ғылыми-әдістемелік жұмыс
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ
2026 жылғы 29 сәуірде біліктілік санатын арттыру аясында мектеп мұғалімдері озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында жұмыс жүргізді. Педагогтер өздерінің оқу-әдістемелік кешендерін облыстың әртүрлі аудандары мен қалаларындағы әріптестерімен бөлісті.
БІЗДІҢ ПЕДАГОГІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІНЕ МАҚТАНАМЫЗ!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үлжебаева Ләззат Кенжебаевнаны «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 3-орын иеленуімен құттықтаймыз!
РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫН: ҮЗДІК IT МҰҒАЛІМІ – 2026
27–28 сәуір күндері Астанада информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасы өтті! Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік информатика мұғалімдері Астана қаласында жиналып, ең мықты атағы үшін бақ сынасты. Андрей Александрович Иващенко бірінші орынды иеленді!
8–11 сынып оқушылары арасындағы Ғылыми қоғам (НОУ) жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және қатысушыларын құттықтаймыз! Мектебіміздің оқушылары өз ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғап, тамаша дайындықтарын көрсетті.
ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
9-сынып оқушылары Абашева Сабина мен Молдабаева Томиристі «Зерттеудегі бір қадам — дамудағы жүз қадам» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында 3-орын иеленуімен құттықтаймыз.
