Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ 1-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар 2020-2021 оқу жылы

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ  1-11 сыныптар арасында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған   іс-шаралар  2020-2021 оқу жылы
          Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі. Бұл күнді еліміз әр жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтеді. Осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жариялағанына  29 жыл толып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен егемендігі туралы заңды қабылдады.  Осыған орай «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ -де қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдері ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арнап  2020 жылдың 10 желтоқсаны мен 14 желтоқсан аралығында 1-11 сыныптар арасында қашықтықтан (Google teems , Google meet, WhatsApp Web платформалар арқылы) іс-шаралар өтті.
              Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Желтоқсанның 15-нде 1 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Джаманбалина Жанылған Айтчановна  ұйымдастырған, оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, дүниетанымын, сөздік қорын дамыту мақсатында «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты суреттер сайысын өткізді. 
 
Белсенді оқушылар
 
 
Развенков Илья 1 «Б» сынып                                  Баженов Руслаг  1 «Г» сынып
Бойко Валентина 1 «Г» сынып
       1 орын.  
 Болгачук Захар 1 «Г» сынып  3 орын
Бекмухамбетова Дания 1сынып
2 орын
                                                       
  
4 «Б» және 4 «В» сыныптарының оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзқарасымен» атты тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс  танымдық іс – шара  өткізді. Бұл іс – шарада оқушылар «Суреттер сөйлейді» деген атаумен өткен кезеңде   берілген суреттер бойынша  сұрақтарға жауап берді. «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде  оқушылар Отан, тәуелсіздік күніне арналған  өлеңдерін оқыды.«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты кезеңде рәміздер туралы өз ойларын ортаға салды. Осы іс – шара арқылы оқушылар тәуелсіздік күні қалай келгені туралы мағлұмат алды. Өз білімдерімен бөлісті. Іс – шараның  өту барысында барлық оқушылар  белсенді қатысып отырды. Оқушыларға бұл іс-шара өте ұнады.
        
 
Жүлделі орынға ие болған оқушылар мадақтау қағазымен марапатталды  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізіліп, өз мақсатына  жетті.