Ғылыми-әдістемелік жұмыс
«МИНИ-БАЙТ: БІЛІМ ӘЛЕМІНЕ ЖОЛСІЛТЕУШІ» – ҒЫЛЫМ МЕН ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ!

Математика, информатика және физика пәндері әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы аясында «Мини-Байт: білім әлеміне жолсілтеуші» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Қатысушылар тақырыптық бекеттер бойынша қызықты саяхатқа аттанып, математика, информатика және физика пәндеріне қатысты сан алуан зияткерлік тапсырмаларды, жұмбақтар мен қызықты сынақтарды орындады.
Іс-шараның ерекшелігі – ғылым мен әдебиеттің өзара ұштастырылуы болды. Оқушылар белгілі әдеби шығармалардың беттерінде кездесетін математикалық есептермен, физикалық құбылыстармен және ақпараттық технологиялармен танысты.
Әр бекеттегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын, білімдерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Іс-шара кітаптардың ғылым әлеміне бастайтын нағыз жолсерік бола алатынын, ал оқудың жаңа білімнің, жаңалықтар мен шабыттың қайнар көзі екенін көрсетті!