Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

АЛҒАШҚЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ РӘСІМ: МЕКТЕП ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС!

АЛҒАШҚЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ РӘСІМ: МЕКТЕП ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС!
Мектебімізде әрбір оқушының өміріндегі ең маңызды әрі толқынысқа толы оқиғалардың бірі – алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді бірінші сынып оқушылары қатарына қабылдауға арналған «Біз – бірінші сынып оқушыларымыз» атты салтанатты іс-шара өтті!

Бұл күні бірінші сынып оқушылары мектеп өміріне тағы бір маңызды қадам жасады. Балалар бірінші сынып оқушысының салтанатты уәдесін беріп, өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін және үлкен де тату мектеп отбасының бір мүшесі болуға дайын екендіктерін көрсетті.

Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлап, мектеп ұжымының бір бөлшегі екенін сезінуге мүмкіндік берді. Енді біздің бүлдіршіндеріміз мектеп отбасының толыққанды мүшесіне айналды!

Балаларды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға оқуда озат болуды, адал достар, қызықты жаңалықтар мен білім әлеміне бастайтын ғажайып саяхат тілейміз!