Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

ҚАРЖЫЛЫҚ БРЕЙН-РИНГ: БЕСІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ!

ҚАРЖЫЛЫҚ БРЕЙН-РИНГ: БЕСІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ!
Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында қаржылық брейн-ринг өткізілді.

Оқушылар қаржылық сауаттылық саласындағы білімдерін сынап, тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және командада жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындап, қаржы саласындағы үздік білгір атану жолында бақ сынасты.

Сайыс қорытындысы:

1 орын — 5 «А» сыныбы
2 орын — 5 «Б» сыныбы
2 орын — 5 «М» сыныбы
3 орын — 5 «Д» сыныбы

«Қаржы білгірлері» номинациясы — 5 «В» сыныбы.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Белсенділіктері, ұйымшылдықтары және жаңа білімге деген құлшыныстары үшін оқушыларға алғыс білдіреміз!

Қаржылық сауаттылық — әр адамның күнделікті өмірінде қажет болатын маңызды дағды!