Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ!

ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ!
Мектебімізде 7 «Г», 7 «Б» және 9 «В» сынып оқушылары арасында «Зайырлылық және деструктивті ағымдардан қорғану: еркіндік пен жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқушылар зайырлы мемлекет қағидаттарын, ар-ождан бостандығын, жеке жауапкершілікті және деструктивті ықпалдарға қарсы тұру жолдарын талқылады.
Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Оқушылар жақын адамдар тарапынан жасалатын манипуляцияларға, күмәнді табыс табу ұсыныстарына, қауіпті контентті таратуға және құқыққа қайшы әрекеттерге тартуға байланысты өмірлік жағдаяттарды сахналады.
Оқушылар психологиялық қысымды тануды, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғауды және өз бетінше шешім қабылдауды үйренді.
Кездесудің басты түйіні: еркіндік – таңдау құқығы, ал жауапкершілік – сол таңдаудың салдарын түсіну.