Ғылыми-әдістемелік жұмыс
1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 18 МАУСЫМНАН БАСТАЛАДЫ!

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мен заңды өкілдері!
2026 жылғы 18 маусым мен 31 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады.
Өтінішті электрондық форматта eGov.kz электрондық үкімет порталы және oqu.edu.kz ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қажетті құжаттар тізімі:
* ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;
* № 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
* № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
* баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті (2 дана).
Егер балаға оқыту барысында ерекше жағдайлар қажет болса, ПМПК қорытындысын ұсыну қажет.
Құжаттарды қабылдау «3:1» қағидаты бойынша жүзеге асырылады: алдымен мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда қабылданады.
Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп өміріндегі алғашқы қадамдарының сәтті болуын тілейміз!