Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ – 2026» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ – 2026» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Оқу жылының аяқталуына орай мектебімізде дәстүрлі жыл қорытындысы бойынша «ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ – 2026» педагогикалық конференциясы өтті. Конференция аясында оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтерді марапаттау рәсімінің игі дәстүрі жалғасын тапты.

Жыл бойы мектебіміздің ұстаздары жоғары кәсібилік деңгейін көрсетіп, педагогикалық шеберлік байқауларында елеулі жетістіктерге жетті. Сонымен қатар, оқушыларымен бірге қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларда жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Салтанатты жағдайда педагогтер «Жаңашыл педагог», «Шығармашыл ұстаз», «Педагог-сарапшы» номинациялары бойынша грамоталармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Бұл салтанатты шара мектебімізде өз ісіне адал, талантты, бастамашыл педагогтердің еңбек ететінінің жарқын дәлелі болды. Олар күн сайын өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолында бар күш-жігерін, білімі мен жан жылуын арнап келеді.

Барлық педагогтерді лайықты марапаттарымен және жетістіктерімен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа кәсіби табыстар, шабыт, шығармашылық идеялар және толағай жеңістер тілейміз!