Ғылыми-әдістемелік жұмыс
ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Бүгін мектепте оқу жылының аяқталуына арналған педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында маңызды ұйымдастырушылық және тәрбиелік мәселелер қарастырылды.
Ерекше назар бітіруші сыныптардағы «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасын өткізуге, Бірыңғай сынып сағатын ұйымдастыруға, сондай-ақ оқушылардың қорытынды аттестаттауының негізгі аспектілеріне аударылды.
Сонымен қатар оқушылардың жазғы кезеңдегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жазғы жұмыспен қамту және пайдалы іс-әрекетке тарту мәселелері талқыланды.
Мектеп директоры Ильяс Болатханович Ельжасов алдағы жазғы кезеңде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, кәмелетке толмағандардың кешкі сағат 23:00-ден кейінгі уақытта бақылауда болуы, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ересектердің жауапкершілігі мәселелеріне баса назар аударылды.
Сонымен қатар ұжыммен мектеп қызметкерлеріне қосымша ақылы күндер беру мәселесіне қатысты Ұжымдық шартқа енгізілетін қосымша тармақтар талқыланды. Талқылау барысында қызметкерлерді қолдауға және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған ұсыныстар қарастырылды.
Педагогикалық ұжым жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіз, ұйымдасқан әрі тиімді демалысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.