Ғылыми-әдістемелік жұмыс
МОДО: НАЗАРДА – БІЛІМ МЕН НӘТИЖЕ!

Бүгін мектебіміздің 4 және 9-сынып оқушылары МОДО – білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу тестілеуіне қатысты.
Аталған тестілеу оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға, функционалдық сауаттылықты дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған. Оқушылар үшін бұл тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар жинақылыққа, жауапкершілікке және өз күшіне сенімді болуға үйрететін маңызды тәжірибе.
МОДО-ға қатысу үлкен зейінді, табандылықты және тыңғылықты дайындықты талап етеді. Біздің оқушылар тестілеуге жауапкершілікпен қарап, жоғары нәтижеге ұмтылысын және өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге деген ынтасын танытты.
Оқушыларды сапалы дайындағаны, қолдауы мен кәсіби шеберлігі үшін педагогтерге, сондай-ақ балалардың табысты білім алуына қолайлы жағдай жасап, түсіністік пен қамқорлық танытқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Оқушыларымызға жоғары нәтиже, сенімділік, сабырлылық және оқуда толағай табыс тілейміз! Әрбір жаңа белес үлкен жетістіктер мен жарқын жеңістерге бастайтын маңызды қадам болсын!