Ғылыми-әдістемелік жұмыс
«АСЫҚ АТУ» БАЙҚАУЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 4-сынып оқушылары арасында «Асық ату» байқауы өткізілді.
Оқушылар екі командаға бөлінді: «Алшы» (команда капитаны — 4 «Б» сынып оқушысы Альмухамбетов Ерхан) және «Тәйке» (команда капитаны — 4 «Д» сынып оқушысы Сапабек Ерасыл). Асық ату ойынына қатыса отырып, оқушылар өздерінің мергендігін сынап, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Тәйке» командасы иеленді. ІІ орынды «Алшы» командасы алды. Байқау соңында оқушылар грамоталармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Жауапты мұғалімдер: Идрисова С.К., Жараспаева А.К.