Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР «ЖАҢА БУЫН ТӘЛІМГЕРЛІГІ: ПЕДАГОГТЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ТРЕГІ»

ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР «ЖАҢА БУЫН ТӘЛІМГЕРЛІГІ: ПЕДАГОГТЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ТРЕГІ»
Облыстық ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасарларының әдістемелік бірлестігі аясында, жас педагогтердің бейімделуі мен кәсіби қалыптасуының басқарушылық тетігі ретінде тиімді тәлімгерлік жүйесін жобалау және енгізу мақсатында мектебімізде «Жаңа буын тәлімгерлігі: педагогтың бейімделу трегі» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.

Семинар қатысушыларын мектеп директоры Ельжасов Ильяс Болатханович құттықтау сөзімен қарсы алып, тәлімгерліктің заманауи білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық бағыты ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Мектеп әкімшілігі «Тәлімгерлік – ішкі корпоративтік оқытудың ресурсы» атты коучинг-блок ұсынды. Оның барысында жас мамандарды сүйемелдеудің практикалық құралдары таныстырылды.

«Тәлімгерлік: идеядан іске» тақырыбындағы TEDx-сессия форматында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Батура Людмила Владимировна сөз сөйлеп, тәлімгерлік тәжірибелерін енгізудің тиімді кейстерін ұсынды.

Семинардың практикалық бөлімі «Тәлімгерлік конструкторы» атты командалық жобалау шеберханасы форматында ұйымдастырылды. Модераторлар – мектеп директоры Ельжасов Ильяс Болатханович және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасары Шошакова Жанар Карасыновна. Қатысушылар бейімделу тректерінің модельдерін әзірлеп, тәлімгерлік жүйесін жетілдіру бойынша өз жобаларын қорғады.

Семинар жас педагогтерді қолдауға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа басқарушылық шешімдерді қалыптастыру, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған нәтижелі алаңға айналды.