Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Латын алфавитіне көшу –заман талабы.

Латын алфавитіне көшу –заман талабы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар:рухани  жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашаққа барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы әріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.

  Латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды.Болашақта осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз керек.Себебі латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз керек.

   Қазіргідей қуатты елде өмір сүріп жатқан кезеңде біз ел болып бұл жазуды қолдамасақ,өркениетті елдердің қатарына қосыла алмаймыз.Себебі,латын әліпбиі дүниежүзіндегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады,яғни,болашағы зор. Сонымен қатар,оның заман талабы екенін де түсінуіміз керек. Қазіргі ғылым мен білім,жаңа технологияларға жаңа ашулардың барлығы да латын әрпіне негізделген жүйеде өтуде.Біз сол көштен қалмау үшін аталған үрдіске ілесуге тиіспіз.Одан қазақ тілі өркендемесе,өшпесі анық.
   
«Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді.Осы орайда ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн..» -деді Нұрсұлтан Назарбаев.Біз қазақ тілінің мәртебесін ойлануымыз қажет!Негізгі қазақтың тілі жұмсақ,үнді,мәдениетті тіл.Кейбір әріптердің ана тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты тіліміз өзінің бастапқы қалпын жоғалтып жатыр.Осы орайда біз латын әліпбиіне көшуіміз керек.
 
Демек, біз латын әліпбиіне көшу жөнінде мектебімізде ұстаздармен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдыстырдып және  осы көтеріліп отырған мәселені қолдап,жан-жақты талқыладық. Іс –шара барысында латын әліпбиінің қажеттілігі жайында сөз қозғалды.

  Сонымен біз осы мәселе бойынша Елбасының сөзін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз  керек.

Жакашева Данагүл  Қайырғалиқызы,  Қостанай  қаласындағы  №7 орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі.