Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «FORTUNA FEST» БАЙҚАУЫНДАҒЫ ГРАН-ПРИ!

ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «FORTUNA FEST» БАЙҚАУЫНДАҒЫ ГРАН-ПРИ!
Мектебіміздің «Адель» би ұжымы Рудный қаласында өткен «FORTUNA FEST» халықаралық көпжанрлы байқауының Гран-при иегері атанды!

Ұжымға жоғары марапатты «Мұра» және «Қуаныш» атты халық билерінің әсерлі әрі көркем орындалуы әкелді. Жас бишілер өздерінің дарынын, әртістік шеберлігін және жоғары орындаушылық деңгейін паш етті.

Би ұжымының барлық қатысушыларын және жетекшісін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Шабыт, жаңа шығармашылық идеялар, жарқын өнер көрсетілімдері мен бағындырар биік белестер тілейміз!

Дарынды өнерпаздарымызды мақтан тұтамыз!