"Адал Азамат"
МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ДЕБАТТАР: ТАЗА ҚОЛ – АРЛЫ АР, АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК!

13 қараша күні Дебат клубының қатысушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: таза қол – арлы ар!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында оқушылар адалдық, әділдік және жеке жауапкершілік туралы ой қозғады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың адамдар арасындағы сенімге нұқсан келтіретінін және ортақ ережелерді сақтаудың неліктен маңызды екенін талқылады. Өмірлік жағдаяттар мысалында оқушылар адал шешімдер іздеп, сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар адал емес мінез-құлықтың мысалдары, дұрыс әрекет ету жолдары туралы кеңестер және әділдікті таңдауға шақыратын үндеулер қамтылған буклеттер әзірледі.
Кездесу оқушыларға маңызды бір ойды тағы да еске салды: адалдық әрқайсымыздан, күнделікті іс-әрекетіміз бен қабылдайтын шешімдерімізден басталады.