Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ: ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП – БАЛАНЫҢ ТАБЫСТЫ ДАМУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖОЛЫНДА БІРГЕ!

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ: ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП – БАЛАНЫҢ ТАБЫСТЫ ДАМУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖОЛЫНДА БІРГЕ!
Екі күн бойы мектебімізде І тоқсанның қорытындысын шығаруға арналған ата-аналар жиналыстары өтті. Кездесулер «Отбасы мен мектеп: баланың табысты дамуы, қауіпсіздігі және жан-жақты қалыптасуы жолында бірге!» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Жиналыстар барысында сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе отырып, төмендегідей маңызды мәселелерді талқылады:

 І тоқсанның қорытындылары, оқушылардың оқу жетістіктері және білім сапасын арттыру мәселелері.

 Балалардың оқытудың жаңа сатысына бейімделу ерекшеліктері, сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және баланы қолдаудағы отбасының рөлі.

 Құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау және тұрмыстағы жеке қауіпсіздік мәселелері. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.

 Жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

 Оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға және кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру.

Дәстүр бойынша мектеп директоры Ильяс Болатханович Ельжасов барлық сыныптардың ата-аналар ұжымдарымен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында мектеп өміріне қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, ата-аналардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.

Мұндай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ортақ ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

Бірлесе күш жұмылдырғанда ғана әрбір баланың табысты дамуына қажетті жағдай жасай аламыз!