Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ДЕНСАУЛЫҚ ӘЛІППЕСІ: ҚАУІПСІЗДІК – БІЗДІҢ ОРТАҚ БАСЫМДЫҒЫМЫЗ!

ДЕНСАУЛЫҚ ӘЛІППЕСІ: ҚАУІПСІЗДІК – БІЗДІҢ ОРТАҚ БАСЫМДЫҒЫМЫЗ!
Мектебімізде №4 емхананың салауатты өмір салты дәрігері Екатерина Граньевна Шаменовамен маңызды кездесу өтті. Дәріс барысында жыныстық қолсұғылмаушылық, ерте жүктіліктің алдын алу және адам папилломавирусының (АПВ) алдын алу мәселелері қозғалды.
Оқушылар репродуктивті денсаулықты сақтау, жеке шекараларды қорғау, өзіне және болашағына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды ақпарат алды. Қауіпсіздік мәселелеріне, ықтимал қауіптердің алдын алуға және медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдерге сенімді әрі шынайы ақпарат алуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және саналы шешім қабылдауға үйренуге көмектеседі.
Екатерина Граньевнаға мазмұнды дәрісі, пайдалы кеңестері және оқушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
Денсаулықты сақтау, жеке шекараны құрметтеу және өзіңе қамқорлық жасау – жауапты болашақты таңдау деген сөз!